State Symbols
State Flag
Ту — мемлекеттің басты рәміздерінің бірі, оның егемендігі мен бірегейлігін білдіреді. Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Оның авторы — суретші Шәкен Ниязбеков. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы — ортасында шұғылалы күн бейнеленген, оның астында қалықтаған қыран (бүркіт) орналасқан көгілдір түсті тікбұрышты мата. Сабы жағында ұлттық өрнек салынған тік жолақ бар. Күннің, оның шұғылаларының, қыранның және ұлттық өрнектің түсі — алтын түсті. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы — 1:2.
State Emblem
Елтаңба — мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Егемен Қазақстанның Елтаңбасы 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Оның авторлары — белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы шеңбер (дөңгелек) пішіндес — бұл Ұлы дала көшпенділері арасында айрықша құрметке ие болған өмір мен мәңгіліктің нышаны.
State Anthem
Әнұран — мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Еліміздің дыбыстық рәміздерін кеңінен насихаттау мақсатында 2006 жылы жаңа мемлекеттік Әнұран қабылданды. Оның негізіне халық арасында кең танымал «Менің Қазақстаным» патриоттық әні алынды. Әнді 1956 жылы Шәмші Қалдаяқов Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазған. Әнге мемлекеттік Әнұранның жоғары мәртебесін беру және оның салтанатты әуезін күшейту үшін Қазақстанның Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастапқы мәтінді өңдеді. 2006 жылғы 6 қаңтарда Қазақстан Парламенті палаталарының бірлескен отырысында «Мемлекеттік рәміздер туралы» Жарлыққа тиісті түзетулер енгізіп, елдің жаңа мемлекеттік Әнұранын бекітті.